Баспаналарын су басқан тұрғындар жергілікті билікке наразы.
Атырауды су басып жатыр. Жаңбыр мен еріген қар суы тұрғын үйлерге кіріп, көшеде жаяу жүргінші түгілі, көліктер жүре алмай қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстан Телеарнасының мәліметінше, баспаналарын су басқан тұрғындар жергілікті билікке наразы. Өйткені бұл жағдай жылда қайталанады. Себебі қалада су ағатын арық жүйесі жоқ. Соның салдарынан халық діттеген жеріне бара алмай әлек.
Ал жауаптылар жауын мен қар айлық мөлшерден тым көп түсті деп ақталуда. Сондықтан арнайы техникаларды алдымен суға кетіп жатқан тұрғын үйлерге бөліп, біраз ықшамаудан тазаланды деп отыр.