$ 494.87  520.65  4.91

5 жасар қыздың өлімі: Пробация қызметкері бас бостандығынан айрылды

Сонымен қатар, сотталушы 2 жыл құқық қорғау органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты істі болған пробация қызметкеріне сот шешім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ісіне салғырттық танытты» деп күдікке ілінген пробация қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Сарыағаш ауданында 5 жасар қызды азаптап өлтірді деп өмір бойына сотталған Гаийбназаров бас бостандығынан шектелген кезде пробация қызметкерінің қарауында болған. Сот шешімімен сезікті 2 жылға бас бостандығынан айырылды. «ҚР ҚК 371 бабы 2 бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Күдікті 2 жылға бас бостандығынан айырылсын, - деп үкім шығарды Сарыағаш аудандық сотының судьясы Жасұлан Орынбаев.

Сонымен қатар, сотталушы 2 жыл құқық қорғау органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды, деп жазады Azattyq Ruhy.

Еске салайық, өткен жылдың шілдесінде Сырығаш ауданы Жібек жолы ауылында 5 жасар қыздың өлімі бүкіл қазақстандықтардың жағасын ұстатқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары