$ 472.62  513.22  5.43

Алматы университетінде «пәк» қыздардың жеке дерегі тарап кеткен

Тізімде қыздардың аты-жөндерінен басқа, ЖСН, ұялы нөмірлері және медициналық мәліметтері жазылған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде студент қыздардың жеке деректері тарап кеткен. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек оқиғаға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Ведомство басшысы жеке деректерді, әсіресе медициналық сипаттағы деректерді беру, әрине, заң бұзушылық екенін атап өтті.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде WhatsApp-та 190 адамнан тұратын топқа студенттер тізімі бар 4 құжат жіберілгені жайлы ақпарат тарады. Онда қызыл түспен белгіленгендер флюорографиядан өтуі керек болған. Тізімде қыздардың аты-жөндерінен басқа, ЖСН, ұялы нөмірлері және медициналық мәліметтері жазылған.

Сондай-ақ олардың қайсысы "қыз", қайсысы "қыз емес" екені туралы ақпарат та болған. Құжаттарды бүкіл университет көруі мүмкін.

Бұл жерде тікелей заң бұзушылық болғандықтан мәселе бақылауға алынды. Кінәлілер қолданыстағы заңнама аясында жазаланады. Жеке деректерді қорғау туралы заң бар. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәселе болып отыр, - деді Саясат Нұрбек кулуарда.

Министрдің сөзінше, бұл жеке деректерге немқұрайлы қарағандықтан болып отыр.

Мойындау керек, бұл мәселені заңмен қатаңырақ реттеу керек. Жалпы, бұл мәдени мәселе. Университетте мұндай фактілердің бар екені қынжылтады. Жеке деректер өте құпия ақпарат болып табылатыны туралы қатаң заңнамалық талап болмайынша, мәдениет өзгермейді, - деп түсіндірді Саясат Нұрбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары