$ 494.87  520.65  4.91

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері сотталды

Сотталғандардан ортақ тәртіпте келтірілген материалдық залал өндірілді. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақмола гарнизоны әскери сотында Ұлттық ұланның бес әскери қызметшісіне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

ҚР Әскери сотының хабарлауынша, оларға Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағы және 453-бабы 2-бөлігімен айып тағылды.

«Сотпен анықталғаны: 2019-2022 жылдар аралығында әскери қызметші Д., У., С. және Е. өздерінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып материалдық жағдайын жақсарту мақсатында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет әскери бөлімнің жанар-жағармай материалдарын жымқыру арқылы 448 млн теңгеден астам сомаға залал келтірген. Ұрланған отынды жеке тұлғаларға өткізген», - делінген хабарламада.

Әскери соттың мәліметінше, сотталушы А. қызметіне салғырт қарауы салдарынан ауыр зардаптарға алып келді, яғни әскери бөлімнің бүкіл ЖЖМ қызметінің жұмысына бақылаудың болмауына байланысты мемлекетке материалдық залал келтірді.

«Сот үкімімен Д., У., С., Е. аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырғандары үшін кінәлі деп танылып (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы)  оларға 9 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сотталған А. қызметіне салғырт қарау салдарынан ауыр зардаптарға әкелгені үшін кінәлі деп танылып (ҚК-нің 453-бабы 2-бөлігі) оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», - делінген хабарламада.

Сотталғандардан ортақ тәртіпте келтірілген материалдық залал өндірілді. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары