Үштік қатарында украиналық және ресейлік боксшылар бар.
Жеңілмеген ресейлік боксшы Шарабутдин Атаев әлемдегі ең мықты үш боксшыны атады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы BasSport.kz-ке сілтеме жасап.
Кроуфорд, Усик және Бивол, — деді Атаев "Чемпионатқа" берген сұхбатында.
Теренс Алан Кроуфорд — жеңіліс көрмеген американдық боксшы. Ол 40 айқас өткізіп, соның 31-ін нокаутпен аяқтаған. Соңғы жекпе-жегін 203 жылғы 29 шілдеде өткізді.
Украиналық Александр Усик карьерасындағы 21 айқастың бәрін жеңіспен аяқтады (14 нокаут).
Дмитрий Бивол — жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін ресейлік былғары қолғап шебері.