14.02.2024, 16:40

Әлемдегі ең мықты үш боксшы анықталды

Фото:  BasSport.kz

Үштік қатарында украиналық және ресейлік боксшылар бар. 

Жеңілмеген ресейлік боксшы Шарабутдин Атаев әлемдегі ең мықты үш боксшыны атады, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы BasSport.kz-ке сілтеме жасап. 

Кроуфорд, Усик және Бивол, — деді Атаев "Чемпионатқа" берген сұхбатында.

Теренс Алан Кроуфорд — жеңіліс көрмеген американдық боксшы. Ол 40 айқас өткізіп, соның 31-ін нокаутпен аяқтаған. Соңғы жекпе-жегін 203 жылғы 29 шілдеде өткізді.

Украиналық Александр Усик карьерасындағы 21 айқастың бәрін жеңіспен аяқтады (14 нокаут).

Дмитрий Бивол — жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін ресейлік былғары қолғап шебері.