$ 494.87  520.65  4.91

Саясат Нұрбек: Депутаттар да диплом сатып алмақ болған

Енді құзырлы мекеме OLX сынды платформалар арқылы білім құжатын саудаға салғандарды жаппай тексереді.

Фото: https://t.me/mazhilis_kz
Фото: https://t.me/mazhilis_kz

Жалған диплом саудасы қызып тұр. Тіпті депутаттар да сатып алуға қызығушылық танытқан. Министр Саясат Нұрбек оларға ескерту жасады, деп Skifnews.kz ақпарат порталы qazaqstan.tv телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрдің айтуынша, жалған құжат әзірлегендер екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Егер де қылмыс қайталанса, төрт жыл түрмеде отыруы мүмкін. Ғылым және жоғары білім министрлігі осындай деректерді тексеру үшін полицияға хат жолдаған. Енді құзырлы мекеме OLX сынды платформалар арқылы білім құжатын саудаға салғандарды жаппай тексереді. Сонымен қатар, егемендік жылдары берілген барлық дипломды арнайы базаға тіркеу жұмысы биыл аяқталады.

Осы күнге дейін 3,5 млн диплом базаның ішінде бар. Кез-келген жұмыс беруші енді арнайы циырлық қызмет арқылы тексере алады. Әр дипломның жеке нөмері болады. Жеке QR коды болады. Сол арқылы кез-келген азамат тексере алады. Жалған ба, жалған емес пе?, – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары