$ 439.4  473.54  4.76

Қазақстанда ауа температурасы 38 градусқа дейін төмендейді

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге сақ болуды ескертеді.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

15-17 ақпанда еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанады. Күн күрт суытып, қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі, деп Skifnews.kz ақпарат порталы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ дерегіне сілтеме жасап хабарлайды.

Батыс, солтүстік, орталық және шығыс Қазақстанда түнгі уақыттарда ауа температурасы 12 градустан 38 градусқа дейін төмендейді. Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге сақ болуды ескертеді.

Құрметті жүргізушілер! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережелерін қатаң сақтап, төтенше жағдай кезінде ауа-райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауларыңызды сұраймыз. Естеріңізге сала кетсек, барлық шұғыл ақпарат «Sapar» мобильді қосымшасында қолжетімді, сондай-ақ 1403 қысқа номері бойынша тәулік бойы колл-орталық жұмыс істейді, – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары