15.02.2024, 12:00

Таиланд Қазақстан азаматтары үшін 30 күн визасыз жүру режимін ұзартты

Фото: Pixabay

Таиланд билігі қазақстандық туристер үшін 30 күндік визасыз режим мерзімін алты айға ұзартқанын мәлімдеді.

 

Отандастарымыз енді Таиландта 31 тамызға дейін бір ай визасыз жүре алады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

Осыған дейін екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында Таиланд Корольдігі 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 29 ақпанға дейін қазақстандықтар үшін уақытша визасыз режимді енгізген еді.

Таиланд билігі қазақстандық туристер үшін визасыз режимді 30 күнге дейін болу үшін тағы алты айға ұзартты. Бұл туралы Таиландтың туризм басқармасы (TAT) хабарлады.

«Біз Таиланд Министрлер Кабинетінің 2024 жылдың жазғы маусымына Қазақстан азаматтары үшін «келу кезінде» туристік визаларды алып тастау мерзімін ұзартқанын хабарлауға қуаныштымыз. Визасыз режимге 2024 жылдың 1 наурызы мен 31 тамызы аралығы кіреді», — деп келтіреді ТАТ Travelpress.kz.