Оның өзінің тәртібі бар.
Ұлттық Олимпиада комитеті Спорт департаментінің директоры Елсияр Қанағатов ҰОК президенттігіне әйгілі боксшы Геннадий Головкиннің ұсынылғаны туралы мәліметке пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы kaz.inform-ға сілтеме жасап.
Қазір ұйымдастыру жұмыстары жүріп жатыр. Ұлттық олимпиада комитетінің өз ассамблеясы болады. Оның өзінің тәртібі бар. Соған сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр, - деді ол Турзим және спорт министрлігінің алқа мәжілісінен кейін.
«Головкиннің кандидатурасын кім ұсынды? Ол өзі кандидатурасы ұсынылғанын біле ме?», - деп нақтылады журналист.
Федерациялар ұсынған сияқты. Менде ондай ақпарат жоқ. Неге десеңіз, ол мәселемен біздің заңға байланысты адамдар жұмыс істеп жатыр, - деді Елсияр Қанағатов.
Еске салайық, елдегі БАҚ Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенттігіне ұсынылғаны туралы жазған болатын.