Жәбірленуші бала қазір ауруханада жатыр.
Қызылордада оқушы алты жасар баланы зорлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
EL.kz жазуынша, әлеуметтік желіде жасөспірім 6 жасар баланы зорлады деген ақпарат тараған. Күдікті 9-сыныпта оқитыны белгілі болды. Бейресми ақпарат көздерінің дерегінше жәбірленуші бала қазір ауруханада жатыр. Ал 16 жасар күдікті қамауға алынған.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Өзгеде ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді.