15.02.2024, 16:40

Жортуылдаған қар барысының видеосы тарады

Фото: Pixabay

Түнделетіп жортуылдаған  қар барысы саябақ қызметкерлері құрған фототұзаққа түскен.

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ұлттық саябағының аумағында қар барысы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұлттық саябақ өкілдері видео Аршаты орман шаруашылығында түсірілгенін айтты. Түнделетіп жортуылдаған  қар барысы саябақ қызметкерлері құрған фототұзаққа түскен.

Бұған дейін 2022 жылы Аршаты орман шаруашылығындағы фототұзаққа түскен қар барысының суреттерін жариялағанбыз. Енді міне, назарларыңызға видеоны ұсынбақпыз. Фототұзақты Ж.Аманбаева пен М.Арабаев құрды, - делінген хабарламада.