$ 441.66  475.14  4.86

Жібек Құламбаева Таиландтағы жарыстың жартылай финалына өтті

Қазақстандық-таиландтық жұп бірінші партияда тай-брейкте 7:6 (7:4) есебімен басым түсті.

Фото: el.kz
Фото: el.kz

Жібек Құламбаева жұптық сында Тайландтағы ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы el.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелкен қазақстандық теннисші таиландтық Ланлана Тарраудимен бірге ширек финалда тайбэйлік Я Син Ли – қытайлық Лю Фанчжоудың меселін қайырды. Қазақстандық-таиландтық жұп бірінші партияда тай-брейкте 7:6 (7:4) есебімен басым түсті. Екінші сет оңайлау болды – 6:2.

Құламбаева – Тарраудидың жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары