$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда өртенген үйден ер адамның мүрдесі табылды

Арнайы органдар үй ішінен табылған ер адамның кім екенін анықтап, өлім себебін тексеріп жатыр. 

Фото: Павлодар облысы ТЖД
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Баспананың иесіз тұрған ғимарат екені анықталды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 16 адам мен 4 техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фото: Павлодар облысы ТЖД

15 ақпан күні сағат 12.48-де Павлодар қаласында 2-өткел мекенжайы бойынша жеке үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Үй иесіз тұрған. Өрт сөндірушілер жедел жетіп, бірден жалынды ауыздықтауға кірісті. Өрттің жалпы ауданы – 30 шаршы метр. Оқиға орнынан 1985 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды, - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметінен.

Тілсіз жау сағат 14:44-те толықтай сөндірілді. Оқиға орнында жеке құрамның 16 қызметкері және 4 техника жұмыс істеді. Арнайы органдар үй ішінен табылған ер адамның кім екенін анықтап, өлім себебін тексеріп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары