$ 443.35  475.54  4.82

Газада соғыс кесірінен 17 мың бала жетім қалды

Израильдің авиациялық соққылары мен жаяу әскер операцияларынан 28 500 астам палестиналық мерт болған.

Фото: Getty Images/AFP/M. Hams
Фото: Getty Images/AFP/M. Hams

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс кесірінен 17 мың бала жетім қалған. Бұны Біріккен Ұлттар Ұйымының ЮНИСЕФ агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осы жеткіншектердің түгелге жуығы ата-аналары мен баспанадан айрылғаннан кейін ауыр психологиялық жарақат алып, ұйқысыздықтан, тәбеттің төмендеуінен зардап шегіп отыр.

Сонымен қатар, балалар үнемі алаңдап, жарылысты естігенде байбалам салады, деп жазады qazaqstan.tv.

Газадағы соғыс қазанның 7 күні хамастықтар Израильдің оңтүстігінде 1200 адамды өлтіргеннен кейін басталды.

Содан бері Израильдің авиациялық соққылары мен жаяу әскер операцияларынан 28 500 астам палестиналық мерт болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары