Өрттің себебі анықталуда.
Балпық би ауылында автобустың неден өртенгені анықталып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жетісу облысы ТЖД кезекші бөліміне 16 ақпан күні сағат 10:38-де Көксу ауданы Балпық би ауылында жолаушылар автобусының өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына келген соң, жолаушылар автобусының ашық жануы орын алғаны анықталды.
Өрт 10 сағат 58 минутта жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өртті сөндіруге Жетісу облысы ТЖД 5 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды, - деп хабарлады ТЖД-ның баспасөз қызметі.