$ 443.37  474.49  4.83

Қазақ боксшылары Парижден кемі бір алтын алады - Ермахан Ыбрайымов

Кейде, мүлдем сен ойламаған, мен ойламаған бір боксшы жарық етіп шыға келуі мүмкін.

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Боксшы, халықаралық спорт шебері, 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ыбрайымов Парижде қай боксшыға сенім артатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Ермахан Сағиұлы алдағы жазғы Олимпиадада қай боксшыдан үміт күтетінін айтты.

Негізі алдын-ала анау алтын, мынау күміс, ол қола алады деп айту дұрыс емес. Ондай болжам ұлттық құрамдағы әрбір боксшыға кері әсерін тигізбесе, пайдасын әкелмейді. Сондықтан, барлығынан үміт күте білейік, барлық боксшымызға сенім арта білейік. Қазіргі ұлттық құрамда жүрген жігіттеріміздің бірі - әлем чемпионы, бірі - Азия ойындарының жүлдегері. Бәрінің де көп-көрім жетістіктері, тәжірибелері бар. Сондықтан, өз басым бәріне сеніммен қараймын. Кейде, мүлдем сен ойламаған, мен ойламаған бір боксшы жарық етіп шыға келуі мүмкін. Менің ойымша, қазақ боксшылары Парижден кемі бір алтын алады. 

Сондай-ақ Ұлттық олимпиада комитетіне Головкин келген жағдайда жауапты қызметтің «жүгін» көтеріп жүре ала ма, деген сұраққа жауап берді. 

Мүмкін. Ол жалғыз болмайды ғой. Кеңесшісі, көмекшісі болады дегендей. Оны уақыт көрсетеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 10
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары