2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ-ға төрағалық ету Қазақстан Республикасына ауысқаны белгілі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
СІМ-нің мәлімдеуінше, тараптар Қазақстанның 2024 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалығы шеңберінде жоспарланған елімізде өтетін іс-шаралар жөнінде пікір алмасты.
2024 жылдың маусым айында жоспарланған ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің алдағы отырысының бірқатар ұйымдастыру мәселелерін қарастыруға ерекше назар аударылды. Кездесу барысында Ұйым аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, соның ішінде саяси өзара іс-қимылды дамыту, қауіп-қатерлерге қарсы тұру мәселелері талқыланды, – делінген хабарламада.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ-ға төрағалық ету Қазақстан Республикасына ауысқаны белгілі.