$ 495.2  522.34  4.94

Қаңтарда өткен ҰБТ: 134 000 талапкерден 72 адам ғана үздік нәтиже көрсеткен

Ал шығармашылық емтиханда 459 үміткер тіпті 10 балл да жинай алмаған.

Фото: qazaly.kz
Фото: qazaly.kz

Ұлттық тестілеу орталығы қаңтарда өткен ұлттық бірыңғай тестілеу сынағында үміткерлердің қаншасы қандай балл жинағанына талдау жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Барлығы 134 мыңға жуық адам қаңтар айындағы ҰБТ-ны тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 77,5%-ға жуығы шекті балл жинады. Орташа балл – 69 балл. Ең жоғары балл – 137 балл, -  деп жариялады Орталық Facebook парақшасында.

130-139 балл аралығындағы ең жоғары көрсеткішке тек 72 адам ғана ие болған. Ал 110-129 балл аралығындағы нәтижеге тек 3,8 мың адам қол жеткізген. 

Ал бұдан төмен көрсеткіштерге қол жеткізгендердің үлесінде аса үлкен айырмашылық жоқ:

90-109 балл: 16 мың адам;

76-89 балл: 20,9 мың адам;

70-75 балл: 11,9 мың адам;

60-69 балл: 22,4 мың адам;

50-59 балл: 23,1 мың адам.  

Ал шығармашылық емтиханда 459 үміткер тіпті 10 балл да жинай алмаған. Ал толық 30 балл жинағандардың саны – 11:

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары