$ 443.35  475.54  4.82

Төрт баланы азаптаған тұрғын туралы жаңа мәлімет шықты

Бір баланың сол жақ бетінде жарақаты болған. Өткір затпен кесілген. Екінші баланың ерні кесілген.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

КТК телеарнасының тілшілері Алматы облысында төрт баланы азаптаған тұрғынға қатысты жаңа деректерді анықтады. Сондай-ақ балалардың жағдайы белгілі болды. Бұл оқиға 15 ақпанда кешкі уақытта Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Үлкендердің қарауынсыз қалған төрт бала отырған үйге ер адам баса-көктеп кіріп келіп, бүлдіршіндерді қорлаған. Ұрып-соғып, аяқ-қолын байлап қылғындырған. Кенже ұлының көзін оңдырмай көгертіп, ортаншысының бетін тіліпті. Тағы бірінің ернін кескен. Оқиға кезінде төрт баланың шешесі көрші ауылға шаруаларымен кеткен. Абырой болғанда, үйдің көршілері жетіп, балаларды құтқарып қалыпты. Балалардың үлкені 13 жаста, кішісі 8-де екен.

Телеарнаның хабарлауынша, сұмдық жағдайдан кейін балалардың төртеуі де ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер шұғыл медициналық көмек көрсетіп, басы мен бетінен жарақат алған кенже ұлын облыстық балалар ауруханасына жатқызған. Қалғанын амбулаториялық емге жіберген.

Бір баланың сол жақ бетінде жарақаты болған. Өткір затпен кесілген. Екінші баланың ерні кесілген. Ең кіші бала, 8 жасар бала, оның сол жақ беті түгел жарақат. Басы шайқалған. Басынан жарақат алған деп, облыстық балалар ауруханасына жібердік, – деді ШЖҚ «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» МКК дәрігер-хирургі Серік Оралов.

 Ал Тұран ауылы округінің әкімі Шыңғыс Бабагелдиевтің айтуынша, 47 жастағы күдікті жұмыс істемейді.

Екінші топтағы мүгедек болғаннан кейін балалардың жәрдемақысымен күн көреді. Ол азаматты танымаймыз. Бір-екі рет келген деп айтты, өзі», – деп хабарлады әкім.

Телеарна тілшісінің айтуынша, ұсталған ер адам бұрын зорлық үшін сотталған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында белгісіз ер адамның 4 баланы азаптағаны туралы жазғанбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары