$ 441.66  475.14  4.86

Астана мен Алматы тұрғындары Навальныйды еске алып, гүл шоқтарын қойды

Ресейлік оппозиционердің өліміне қатысты Қазақстан билігінен әзірге ресми реакция болған жоқ.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазақстанның елордасында астаналықтар Алексей Навальныйдың рухына тағзым етті. Қала тұрғындары Голодомор ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп Skifnews.kz ақпарат порталы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда да халық оппозиционердің рухына тағзым етіп, Ресей бас консулдығы алдына гүл шоқтарын қойып, шырақ жақты.

Дипломатиялық өкілдік ғимаратына Навальныйдың фотосуреттері мен портреті де әкелінді, деп хабарлайды Азаттық радиосы («Шетел агенттерінің» тізіліміне енгізілген «Азаттық» радиосының қазақ тіліндегі редакциясы).

Ресейлік оппозиционердің өліміне қатысты Қазақстан билігінен әзірге ресми реакция болған жоқ.

Айта кетейік, 16 ақпанда ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Харп ауылындағы түзеу колониясында қайтыс болды. Медицина қызметкерлері оның өмірін сақтап қала алмаған. Ресейдің УФСИН Ямало-Ненецкий автономдық аймағының мәлімдемесіне сәйкес, сотталған Навальный серуеннен кейін өзін нашар сезініп, бірден есінен танып қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары