17.02.2024, 15:30

Сәтбаев тұрғындары пара алды деп ұсталған әкімді босатуды талап етті

Фото: https://www.instagram.com/momynbaeva_a/

Сәтбаев қаласының тұрғындары әкімге жанашырлық білдіріп, «жазықсыз сотталып кетпесін» десті.

Сәтбаев қаласының тұрғындары пара алды деп ұсталған әкім Шапағат Әубәкіровті қорғап, босатуды талап етіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Instagram-да әкімнің қарындасының жазбасы пайда болды. Мұнда ол ағасының еш кінәсі жоқ екенін және ол керісінше әркез халқымен бірге болғанын жазған.

Сәлеметсіздер ме, құрметті Сәтбаев қаласының тұрғындары! Қаламыздың әкімі, халық жанашыры Әубәкір Шапағат Момынбайұлына қәзіргі таңда үлкен жала жабылуда. Сондықтанда сіз бен біз болып ,жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші жоғарыда отырған азаматтардан әділдікті халық болып талап етуге шақырамын!, – делінген жазбада.

Осы жазбадан соң Сәтбаев қаласының тұрғындары әкімге жанашырлық білдіріп, «жазықсыз сотталып кетпесін» десті. Тіпті әкімді  қызметіне қайтаруды сұрады.

Босатады деп сенеміз. Ұзақ жылдар бойы жақсы әкім болған бірден-бір адам», «Сәтпаевты көтеріп келе жатқан жалғыз әкім еді», «Халықпен бірге болып, қала үшін қаншама істі қолға алған ең жақсы әкім», «Бұл жала. Қасым-Жомарт Тоқаев, сізден араша болуыңызды сұраймыз», «Бұрынғы қала әкімі Ыдырысовпен салыстырғанда қазіргі әкім отыра бермей, жұмысшылармен бірге қаланы үнемі аралап, түйткілді мәселелерді жойды, – деп жазды тұрғындар.

Еске салсақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Сәтпаев қаласының әкімін ұстады.