$ 494.87  520.65  4.91

Абай облысының бір ауданында төтенше жағдай жарияланды

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі штабтың басшысы болып Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Темиржанов тағайындалды.

Фото: Абай облысының әкімдігі
Фото: Абай облысының әкімдігі

Абай облысы Көкпекті ауданында ауа райының бұзылуына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі штабтың басшысы болып Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Темиржанов тағайындалды.

Көкпекті аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының 16 ақпандағы №2 хаттамасы негізінде Көкпекті ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын, – делінген аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың шешімінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары