$ 494.87  520.65  4.91

Семейде балабақша өртенді

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Фото: Абай облыстық ТЖД
Фото: Абай облыстық ТЖД

Бүгін кешкі сағат 17.37-де Абай облысы ТЖД 101 пультіне Семей қ., Павлов к.,балабақшада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Келгеннен кейін балабақшаның 2 қабаты ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.

Өрт сағат 18.05-те оқшауланды. 

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өрт орнында жеке құрамның 37 адамы, 9 бірлік техника жұмыс істеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары