18.02.2024, 10:30

Елена Рыбакина Дохада өткен турнирдің финалында жеңіліп қалды

Фото: ҚТФ

Екінші сетте де Еленаның қарсыласы дес бермеді – 6:2. 

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дохада (Катар) өткен WTA 1000 турнирінің финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елена Рыбакина финалда әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен кездесті. Бірінші сет 7:6 есебімен польшалық теннисшінің пайдасына шешілді. Екінші сетте де Еленаның қарсыласы дес бермеді – 6:2.