$ 444.14  477.05  4.85

Қазақстандық спортшы Канадада өткен турнирде рекорд орнатты

Канаданың Калгари қаласындағы жарыс 18 ақпанда аяқталады.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Қазақстандық Алина Дауранова конькимен жүгіруден әлем чемпионатында 1 000 метрге жүгіруде жеке рекорд орнатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Sports.kz-тің мәліметінше, спортшы бұл қашықтықты 1 минут 15,24 секундта бағындырып, 13-орынға табан тіреді және жерлестері арасында үздік атанды.

Жарысты Екатерина Айдова 14-ші (1:15.29), Инесса Шумекова 24-ші (1:18.57) орынмен аяқтады.

Канаданың Калгари қаласындағы жарыс 18 ақпанда аяқталады. Турнирде сарапқа салынатын төрт медаль жиынтығы қалды. Қазақстандықтардың ішінен жексенбі күні тек Айдова қатысады – ол 1500 метр қашықтықта сайысқа түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары