$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан Дүниежүзілік банктің пандемия қорынан өтеусіз грант алды

Қазақстан үш жыл мерзімге 19 млн. АҚШ доллары сомасына елдік грант және 27 млн. АҚШ доллары сомасына көп елдік грант алды.

Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Астанада Пандемия қорының гранты ресми түрде іске қосылды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Пандемия қорының қаражаты елдің денсаулық сақтау жүйесінің эпидемиологиялық қадағалау, шекаралық бақылау, зертханалық қауіпсіздік, ерте анықтау және ден қою, сондай-ақ персоналды оқыту саласындағы міндеттерін шешуге бағытталатын болады.

ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисі осы гранттың елде іске асырылуын үйлестіреді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жалпы техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан ДДҰ Еуропалық өңірінің 36 елінің біріне айналды, үш жыл мерзімге 19 млн. АҚШ доллары сомасына елдік грант және 27 млн. АҚШ доллары сомасына көп елдік грант алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары