19.02.2024, 01:30

Төтенше жағдайлар министрлігі халыққа үндеу жасады

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Әсіресе, қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болу керек.

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы қолайсыз ауа райына байланысты халықты  қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрліктің хабарлауынша, дауылды ескертулер жарияланған кезде, әсіресе, қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болу керек.

Ауа-райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар. Қатты жел кезінде жақын маңдағы ғимаратта немесе қауіпсіз жерде жасырыну қажет. Ағаштардан, ілулі тұрған конструкциялардан, электр желілерінен және билбордтардан аулақ болыңыздар. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Қатты аяз техногендік өрттердің көбеюіне ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты құтқарушылар жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға немесе электр желілерін шамадан тыс жүктемеуге кеңес береді.