Оған 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Өзбекстан азаматына діни мазмұндағы материалдарды таратқаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
19 жастағы Атырау тұрғыны өзінің жеке TikTok парақшасында заңсыз діни мазмұндағы материалдарды жариялаған.
Бұл деректі Атырау облысы Дін істері басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізген мониторингі барысында анықтады.
Атырау қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағы бойынша Өзбекстан Республикасының азаматы болып шыққан жас жігітті әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оған (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.