Ал бір күн бұрын Нью-Йорктегі судья Трамптың үстінен азаматтық іс қозғап, оған және оның компанияларына шамамен 355 миллион доллар төлеуге міндеттеді.
NEVER SURRENDER – «Ешқашан берілме» кроссовкалар желісінің тұсаукесері Филадельфияда өтті. Ал бір күн бұрын Нью-Йорктегі судья Трамптың үстінен азаматтық іс қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы BBC-ге сілтеме жасап.
Сот жеке мүлкінің құнына қатысты жалған дерек бергені үшін кінәлі деп тауып, оған және оның компанияларына шамамен 355 миллион доллар төлеуге міндеттеді.
Интернетте 399 долларға сатылатын алтын түсті аяқ киімді таныстырған бұрынғы АҚШ Президенті бұл іске соңғы 12-13 жылдан бері ниеттеніп, дайындалып жүргенін айтты.
Трамп қараша айында өтетін АҚШ президенттік сайлауында Республикалық партияның кандидаты болады деп күтілуде.