$ 494.87  520.65  4.91

Асқар Тұрғанбаев: Елдің символикасын өзгерту – халықтың қалауымен шешіледі

Біз күнкөріс тіршілігі үшін емес, әлемдегі өз еркіндігіміз бен абройымызды сақтап қалуымыз керек.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

«Жаңа адамдар» қозғалысы жүргізген сауалнамасына қатысты Қазақ-түрік университетінің проректоры Асқар Тұрғанбаев пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Жаңа адамдар» қозғалысы жүргізген сауалнама елді ұйқысынан оятты деуге болады. Себебі, сауалнамаға қатысушылар Елтанбаны танымақ түгілі, оның бейнесіндегі жекелеген элементтерінің мәні мен мағынасын  түсінбейтінін көрсетті. Сонда қатысушылардың 70 пайызы деген, бір қауым ел ғой. Ал оның 30 пайызы ғана алты бірдей ұқсас рәміздер арасынан біздің төл Елтаңбамызды нақтылап, танып көрсете алды. Ал көбісі ұқсас рәміздер арасынан қанатты тұлпары бар өзіміздің елтаңбамызды емес, құстар мен айдаһар бейнеленген өзге рәміздерді көрсеткен.

Ең бірінші, Елтаңбамыздың дұрыс насихатталмауын көрсетеді. Екіншіден Елтаңбаны ауыстыру не болмаса ауыстырмауды халық шешуі тиіс. Жалпы Елтаңба, Ту, Әнұран – біздің елдің символикасы. Алып-салатын жеңіл дүние емес. Ең алдымен халықтың қалауымен шешілуі керек.

Мысалы, Әнұранның бастапқы мәтіні, яғни баяғы Жұмекең Нәжімеденов пен Шәмші Қалдаяқовтың  жазған нұсқасы өзгертілді. Онда да кеңестік үкіметтің идеологиясының қалдықтары деп сөзін ғана өзгертті. Өзгерту керек пе, әлде жоқ па? Әлде сол күйінше қалдыру керек пе? деген сұрақтарды әуелі білікті мамандар мен халықтың талқысына салу керек. Мүмкін ең бірінші өзгеретін нәрсе елтаңба емес, әнұранның авторы шығар... Осының бәрін қоғам талқысына салу керек.  Өйкені әркімде әртүрлі пікір болады. Сондықтан бұл мәселені жан-жақты талқыланатын дүние.

Себебі, еліміздің қай тұсын алсақ та өзге елмен шекараласпыз. Біз күнкөріс тіршілігі үшін емес, әлемдегі өз еркіндігіміз бен абройымызды сақтап қалуымыз керек. Сондықтан халық құрметтейін еліміздің символикасы болуы тиіс", - дейді Асқар Әбдуәлиұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары