$ 494.87  520.65  4.91

Әкімдік үш әріпті қалпына келтіруге 18 млн жұмсамақ болған

Тараптар жұмысты орындау құнын 17,6 млн теңгеге бағалаған. Бұл жағдай қоғамдық резонанс тудырды.

Фото: vk.com
Фото: vk.com

Былтыр шілде айында қолайсыз ауа райына байланысты «ТАУ» әріптерінің металл конструкциясы бүлінген болатын. Қаланың ТКШ бөлімі жел қиратқан әріптерді қалпына келтіру және қалған «КӨКШЕ» жазуын нығайту үшін бастапқыда 18 млн теңгеге жуық қаражат жұмсамақ болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Ақмола облысы бойынша  сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті  Бұқпа тауындағы «Көкшетау» деген жазуды қалпына келтіру жұмысын мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізді.

Мемлекеттік орган бірнеше коммерциялық ұсынысты зерделегеннен кейін мердігермен бір көзден алу тәсілімен шарт жасасуға шешім қабылдап, тараптар жұмысты орындау құнын 17,6 млн теңгеге бағалаған. Бұл жағдай қоғамдық резонанс тудырды. Сонымен бірге, келісімшарт жасасудың заңдылығы және ұсынылатын қызметтің бағасына қатысты біраз сұрақтар туындады.

«Мониторинг шеңберінде өңірлік Антикор өкілдері объектіге барып, құрылымды орнату және жөндеу барысын қадағалады. Сондай-ақ, барлық мүдделі тараптардың қатысуымен кездесу өткізіліп, онда департамент қалпына келтіру жұмыстарының бағасын төмендету және жазуды жөндеу сапасын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Нәтижесінде қала әкімдігі шарттың құнын 4 млн теңгеге төмендетті. Бұл ақшалай қаражатты мәслихат сессиясы өткізілгеннен кейін қала тұрғындарының әлеуметтік қажеттілігіне бөлу жоспарланған», — деді ведомстводан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары