Байқауға қатысуға 18 бен 34 жас аралығындағы жұмыссыз жастар өтінім бере алады.
Ауылдық жерде тұратын жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған «Zhas project» жобасына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы gov.kz сайтына сілтеме жасап.
Жеңімпаз атанған 280 адамның әрқайсына 1 млн теңгелік грант беріледі. Байқауға қатысуға 18 бен 34 жас аралығындағы жұмыссыз жастар өтінім бере алады.
Басты талаптар: Үміткер өтінім беріп жатқан өңірде тұрақты немесе уақытша тіркелуі тиіс. Конкурсқа қатысушы 1 ғана әлеуметтік жобаны ұсына алады.
"Zhas Project" - бұл әлеуметтік жобалар мен бизнес-идеяларды қаржыландыру арқылы осал топтарды, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған бірегей жоба. Жоба жастарды өз қоғамының әлеуметтік-экономикалық өміріне тартуға және нәтижелі жұмыспен қамтуға көмектеседі.