20.02.2024, 01:30

Қазақ гимнасты тұңғыш рет әлем кубогында жүлде алды

Фото: olympic.kz

Ал құрама үздігі Нариман Курбанов бесінші орынға табан тіреді.

Спорттық гимнастикадан Египет астанасы Каирде өткен әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Зейнолла Ыдырысов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Гимнастикалық ат снарядында сынға түскен ол 14.800 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады. Бұл бәсекеде алтын медальді иорданиялық Ахмад Әбу Әл Соуд (15.070) иеленсе, күміс жүлдені кореялық Вунг Хур (14.930) еншіледі.

Ал құрама үздігі Нариман Курбанов бесінші орынға табан тіреді.

Айта кетелік, бұл Зейнолланың ересектер арасында жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Бұған дейін ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль иеленген еді.