Ауа райының қолайсыздығына байланысты осындай шешім қабылданды.
Сейсенбі күні елордалық оқушылар мектепке бармайды. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
2024 жылғы 20 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген хабарламада.