20.02.2024, 10:20

Алматыда өртке оранған үйден 17 адам шығарылды

Фото: архивтен

Қабылданған шаралардың арқасында көрші пәтерлер аман қалды.

Алматының Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сәйкес, 20 ақпанда сағат 01.53-те Бостандық ауданында Өтепов көшесі бойындағы 13 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде шыққан өртті сөндіруге кіріскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарының көмегімен 2 адамды құтқарып, 15 адамды эвакуациялады. Сағат 02.39-да өрт сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қабылданған шаралардың арқасында көрші пәтерлер аман қалды.

ТЖД жеке құрамынан 35 адам мен 11 бірлік техника, қаланың шұғыл іс-қимыл қызметтері жұмылдырылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Астанада тұрғын үйден өрт шықты (ВИДЕО)