20.02.2024, 15:20

Полицейлер шарасыз елікті құтқарып қалды (ВИДЕО)

Фото: ҚР ІІМ

Жабайы жануарды жергілікті тұрғын байқап, учаскелік полицейлерден көмек сұраған.

Павлодар облысында полицейлер елікті құтқарып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Темір қоршаудан өте алмай, қыстырылып қалған жабайы жануарды жергілікті тұрғын байқап, учаскелік полицейлерден көмек сұраған. Олар елікті  қоршаудан аман-есен шығарып алып, бостандыққа жіберді.