$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында мас күйде рөлге отырған әкім қамауға алынды

Сотта ер адам кінәсін мойындады.

Фото: freepik.com
Фото: freepik.com

Ақмола облысында мас күйінде рульге отырған ауыл әкім сот үкімімен 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Облыстық соттың мәліметінше, Зеренді аудандық сотында Викторовка ауылдық округі әкіміне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігі). Ер адамға алкогольдік ішімдік ішіп рульге отырғаны үшін айып тағылды.

Сотта ер адам кінәсін мойындады. Сонымен қатар, оның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, жеңіл дәрежелі алкогольдік мас болуды анықтаған медициналық куәландыру қорытындысымен, өзін түсіндіруі және мойындауымен расталды. Сот қаулысымен оған 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру және 15 тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды, - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары