$ 494.87  520.65  4.91

«Өкілетті орган да, комиссия да жоқ»: Әшімбаев демографиялық ахуалға алаңдаулы

Халық санының көбеюі бірқатар мәселе тудыратынына қарамастан, елдегі демографиялық ахуалды көтеру керек.

Фото: https://t.me/senate_kz
Фото: https://t.me/senate_kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев демографиялық тетіктерді қайта қарау қажетін айтты. Бұл туралы ол бүгін Сенаттағы Үкімет сағатында баяндады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Ол елдің, халықтың дамуына тікелей қатысты. Сондықтан демографиялық мәселелер стратегиялық маңызға ие. Жалпы бүгінгі мәселені қорытындылай келе, ең басты түйін біз өз тетіктерімізді қайта қарауымыз керек. Елдің демографиялық дамуында маңызды саясат қалыптастырумыз қажет. Бұл салада болған ең соңғы бағдарлама 2005 жылы жұмыс істеуін тоқтатқан. Сол уақыттан бері бізде осы бағыт бойынша ешбір құжат болмаған. Демографиялық саясат бойынша бізде өкілетті орган да жоқ. Бізде бұл салада ведомствоаралық комиссия да жоқ», – деді сенат спикері.

Оның айтуынша, аталмыш сала бойынша тетіктерді қайта қарау қажет. Халық санының көбеюі бірқатар мәселе тудыратынына қарамастан, елдегі демографиялық ахуалды көтеру керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары