$ 441.66  475.14  4.86

Алматыда мектеп бухгалтері 330 млн теңгеден астам қаражат жымқырған

Осыған ұқсас ұрлық фактілерін Медеу, Алмалы, Түрксіб және Алатау аудандарының прокурорлары анықтады.

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

Алматы қаласының прокуратурасы тексеріс барысында балалардың қауіпсіздігі саласында бірқатар заңбұзушылықты анықтады. Оған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жарты мыңнан астам заңбұзушылық, балаларды тасымалдау және білім беру мекемелерін қорғау ережелерінің, санитарлық және өртке қарсы нормалардың бұзылуы, сондай-ақ оқушылар арасында буллинг фактілерінің анықталуы дәлел. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тексеру нәтижесінде 10 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, шамамен 60 млн теңге өтелді, 67 қадағалау актісі енгізілді және 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, құқық бұзушылықтарға жедел ден қою мақсатында, оның ішінде оқушылар арасындағы буллингке қатысты, оқушылар немесе олардың ата-аналарына онлайн режимде қалалық прокуратураға тікелей жүгінуге мүмкіндік беретін QR-код әзірленді.

Мектеп психологтарының біліктілігін арттыру мақсатында қала прокуратурасы NGS Жаңа буын мектебі алаңында мемлекеттік мектептердегі барлық психологтың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторлардың және білім басқармасы өкілдерінің қатысуымен семинар ұйымдастырды.

Сонымен қатар прокурорлар 330 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражаты ұрланғанын анықтады.

Мысалы, Бостандық ауданының прокуратурасы мектептердің бірінде жалақыға арналған бюджет қаражатын бас бухгалтердің ұрлағанын анықтады.

Аталған құқық бұзушылық мемлекетке 160 млн теңге залал келтіре отырып, мектептің жұмыс істемейтін қызметкерлеріне және өзінің жақын туыстарына ақша қаражатын аудару жолымен жасалған.

Осыған ұқсас ұрлық фактілерін Медеу, Алмалы, Түрксіб және Алатау аудандарының прокурорлары анықтады.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары