$ 494.87  520.65  4.91

Ермұрат Бапи отағасы туралы заң қабылдауды ұсынды (ВИДЕО)

Мәжіліс залында отырған депутаттар қол шапалақтап, Ермұрат Бапиді қолдайтынын білдірді.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Бүгін Мәжіліс отырысында депутат Ермұрат Бәпи әкелерге қатысты заң қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпаратты порталы.

Әкелерді бұл заңмен сүмірейтіп жіберген жоқпыз ба? Осы залдағылардың көбі «Әкең келсін, сазайыңды береді» деген тәрбиемен өстік қой. Осы тұрғыда келгенде сіз қалай ойлайсыз? Ер азаматтың рөлін көтеру үшін бәлкім, Отағасы туралы заң қабылдауымыз керек шығар? – деп сұрады Бапи Сүлейменовадан.

Мәжіліс залында отырған депутаттар қол шапалақтап, Ермұрат Бапиді қолдайтынын білдірді.

Қол шапалаққа байланысты бұл – бүкіл елдің сұрағы ғой. Жалпы әкелердің рөлін, отбасындағы жауапкершілігін, ерекше орнын белгілейтін заң қажет болса бірінші болып қабылдауға өзім де атсалысқым келеді, – деді Сүлейменова.

Алайда Жұлдыз Сүлейменова бұл заңда әйелдер мен балалардың құқығын қорғау көзделгенін, Конституцияда ер мен әйел бөлінбейтінін айтты.

Конституцияда ер мен әйел бөлінбейді. Жаза күшейгеннен кейін жұдырық ала жүгірер алдында ойланар. Бұл құқықбұзушылықтың алдына алуды көздейді, – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары