$ 494.87  520.65  4.91

Өзбекстан құрамасының бас бапкері қазақ боксшысынан үлкен үміт күтетінін айтты

Өзбекстан чем­пионатында Руслан Абдуллаевтан бө­лек, төрт бірдей қазақ баласы жүлдегер­лер қатарынан көрінді.

Фото: Өзбекстан бокс федерациясы
Фото: Өзбекстан бокс федерациясы

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев құрамадағы ұлты қазақ боксшы Руслан Абдуллаевтан үлкен үміт күтетінін айтты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы “Егемен Қазақстан" газетіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Толқын Қылышев Өзбекстан құрамасындағы ең мықты боксшылардың бірі саналатын этникалық қазақ Руслан Абдуллаевтың болашағы зор екенін жасырмады. 

2023 жылғы әлем чемпионы Руслан Абдуллаевқа да бес жыл тәлім бердім. Кезінде Русланды маған білікті бапкер Ерғали Әбубәкірұлы алып келген еді. Ол талантты боксшы. Русланнан зор үміт күтеміз. Өзбекстан чем­пионатында Руслан Абдуллаевтан бө­лек, төрт бірдей қазақ баласы жүлдегер­лер қатарынан көрінді. Енді олар құра­маға алынып, халықаралық жарыстарда сын­ға түседі, – деді бапкер Қылышев. 

Айта кетейік, Руслан Абдуллаев 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында 63,5 келі салмақ дәрежесінде топ жарған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары