$ 494.87  520.65  4.91

«Адам басына 10 мың доллардан»: Қазақстандық екі қыз құлдыққа түсіп қалған

Адам басына 10 мың доллардан ақша сұрады.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

100-ге жуық отандасымыз шет елдерде құлдықта жүр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Соңғы екі жылда Таиландпен шекарада орналасқан Мьянма, Лоаста 200-ге жуық Қазақстан азаматы еңбек құлдығына түскен. Елшіліктің жәрдемімен Мьянма мен Лоас аумағынан 28 қазақстандық шығарылды. Сондай-ақ 60-қа жуық Қазақстан азаматы елшілікке жүгінбей өз күшімен елге оралды. Қазір жоғарыда аталған елдің аумағында 100-ге жуық қазақстандық еңбек құлдығында отыр деген ақпарат бар, – деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айбек Смадияров Таиландта құлдықта болған Қазақстанның екі азаматы құтқарылғанын да мәлімдеді.

Биыл қаңтар айының соңында Таиландағы консулдыққа «Мен Қазақстанның азаматымын, джунглидің ішіндемін, қай мемлекет екенін білмеймін... Құлдыққа түсіп қалдым, көмектесіңіздер» деген хабарлама түсті. Осылайша, екі Қазақстан азаматы (екі қыз) алданып, «алтын үшбұрышта» құлдыққа түсіп қалған. Бір қызығы, екеуінің де жоғары білімі бар, бірнеше тіл біледі. Олар интернеттегі хабарламаны көріп, алданып қалған. Сөйтіп, Таиландқа жұмыс істеуге барған. Адам басына 10 мың доллардан ақша сұрады. Олардың өзінде де, туыстарында да ақша болмаған. Жергілікті билікпен бірлесіп, бір ай ішінде екі қызды құтқардық. Қазір олар Қазақстанға ұшып келе жатыр. Ақша талап еткен шетелдіктерге бір тиын да берген жоқпыз, – деді Айбек Смадияров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары