$ 498.34  519.72  4.85

Вагон сатып алуға зейнетақы қорынан 184 млрд теңге бөлінеді

Оның айтуынша, БЖЗҚ-дан қаржы алу қазақстандықтарға кесірін тигізбейді.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Елімізде БЖЗҚ-дағы 184 млрд теңгеге вагон сатып алынбақ. Бұл туралы бүгін Көлік министрі Марат Қарабаев  Мәжілістің жалпы отырысынан кейін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ведомство басшысы зейнетақы қоры есебінен вагондарды сатып алуға қаржы бөлу мәселесі қоғамда қызу талқыланып жатқанын жеткізді.

Зейнетақы қорынан «Бәйтерек» холдингі қаржы алды. Оның ішінде вагондарға 184 млрд теңге жұмсалып отыр. Оған жолаушы тасымалдайтын 100 вагон, жүк тасымалдайтын 3 мың вагон сатып алынады, – деді Марат Қарабаев Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Оның айтуынша, БЖЗҚ-дан қаржы алу қазақстандықтарға кесірін тигізбейді.

Зейнетақы қорындағы қаражаты жұмсалған азаматтарға бұл міндетті түрде пайда әкеледі. Біріншіден, бұл – халыққа пайдалы. Себебі бұл ақша пайызбен беріледі. «Бәйтерек» холдингіне жеңілдетілген ақша берілмейді. Екіншіден, басқарушы холдинг – мемлекеттің меншігінде. Сондықтан бұл ақшаның қорға қайтарылатынына мемлекет толық кепілдік береді. Үшіншіден, вагондар отандық зауыттардан сатып алынады, – деді министрлік басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары