$ 494.87  520.65  4.91

Республикалық маңызы бар 17 автожолға шектеу енгізілді

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 557 бірлік техника және 1277 адам жұмылдырылды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

21 ақпандағы сағат 20.00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар 17 автожолға көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп Skifnews.kz ақпарат порталы «ҚазАвтожол» дерегіне сілтеме жасап хабарлайды.

Абай облысында - 6 учаске, жалпы ұзындығы 1841 км. (температураның төмендеуі -30)

1. "Омбы-Майқапшағай", Павлодар обл.шек-Боғаз а.

2. "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз", Қарағанды обл.шек-Бұғаз а.

3. "Алматы-Өскемен", Аягөз қ.-ШҚО шек.

4. "Өскемен-Семей", ШҚО шек.-Семей қ.

5. "Семей-Қайнар", Семей қ.-Қайнар а.

6. "Семей-РФ шек." Семей қ.-РФ шек. (дизельді және қоғамдық көлік түрлері үшін)

Шығыс Қазақстан облысында –7 учаске, жалпы ұзындығы 1238 км. (қар көшкінінің қаупіне байланысты, ауа температурасының - 45°С дейін төмендеуі)

1. Облыс бойынша барлық бағыттар бойынша (дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық көліктер мен автомобильдер үшін)

2."Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары" - Берел а.-Рахман қайнары шипажайы (автокөліктің барлық түрлері үшін)

Қарағанды облысында – 1 учаске, жалпы ұзындығы 103 км. (Абай облысындағы ауа температурасының төмендеуі)

1. "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" -Қарқаралы қ.-Абай обл.шек. (дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық көліктер мен автомобильдер үшін).

Қостанай облысында - 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км. (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау обл.шек-Арқалық қ. (автокөліктің барлық түрлері үшін)

Павлодар облысында - 1 учаске, жалпы ұзындығы 160 км. (Абай облысындағы ауа температурасының төмендеуі)

1. "Омбы-Майқапшағай" уч.п. Кенжекөл-гр.Абай обл. (дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған қоғамдық көліктер мен автомобильдер үшін)

Ұлытау облысында - 1 автожол, жалпы ұзындығы 115 км. (қатты жел, ауа температурасының төмендеуі)

1. "Жезқазған-Петропавл", Ұлытау к.-Қостанай обл.шек. (барлық көлік түрлері үшін).

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 557 бірлік техника және 1277 адам жұмылдырылды.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары