$ 494.87  520.65  4.91

Астанада қоғамдық көлік жолақысын қашықтан төлеуге болады

Жақындарыңыздың сіз үшін қашықтан төлем жасап беру мүмкіндігі бар, яғни ол үшін көлік кодын айтсаңыз болды.

 

Фото: Baq.kz
Фото: Baq.kz

Астана қаласының әкімдігі бұл тәсіл несімен ыңғайлы екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Енді Avtobys мобильді қосымшасымен жолақыны автобустың борт (гараждық) нөмірі арқылы төлеуге болады.

Бұл тәсіл несімен ыңғайлы?

  • QR-кодты сканерлемей-ақ, қашықтан көлік кодын енгізу арқылы төлем жасау;
  • Жақындарыңыздың Сіз үшін қашықтан төлем жасап беру мүмкіндігі бар, яғни ол үшін көлік кодын айтсаңыз болды.
  • Жақындарыңыз төлем жасап, Сізге электрондық билетті мессенджер арқылы жібере алады.

Автобустың борт нөмірі арқылы төлеу үшін:

  1. Avtobys мобильді қосымшасында "Борт нөмірі" бөліміне өтіңіз;
  2. Автобустағы QR-код жапсырмасының үстінде немесе валидаторында көрсетілген нөмірді енгізіңіз;
  3. Төлем жасау тәсілін таңдаңыз;
  4. Төлемді растаңыз.

Бұл жерде төлем Avtobys қосымшасының теңгерімінен немесе банк картасынан (банк картасы қосымшаға тіркелген болса) алынады.

Қосымшаның теңгерімін QIWI, kassa24 төлем терминалдары, интернет-банкингтер арқылы толтыруға болады.

Осылайша, елорданың қоғамдық көлігінде жолақыны көлік картасымен, QR-код сканерлеу, «Avtobys» мобильді қосымшасында Bluetooth және автобустың борт нөмірін енгізу арқылы екінші деңгейлі банктердің картасымен төлеуге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары