22.02.2024, 17:20

Президент «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Фото: Ақорда

«Бәйтеректің» бизнесті қолдау ісіне қосқан жалпы үлесі шамамен 2,5 триллион теңгені құрайтынын айтты.

Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Рустам Қарағойшин холдингтің былтырғы атқарған жұмыстарының нәтижелері мен алдағы жоспары жөнінде есеп берді.

«Бәйтеректің» бизнесті қолдау ісіне қосқан жалпы үлесі шамамен 2,5 триллион теңгені құрайтынын айтты.

Оның айтуынша, компания экономиканың орнықты әрі сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым, көлік және логистика, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы сияқты перспективті салаларға басымдық беріп, оларды кешенді түрде қаржыландыруға күш салуға ниетті.

Компанияның бәсекеге қабілетті кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жоспары туралы баяндады:

Қазақстанның барлық өңірінде шағын, орта және ірі бизнес жобаларын қаржыландыру көлемін ұлғайту; шағын және моноқалалардағы, сондай-ақ ауылдардағы кәсіпкерлерге белсенді қолдау көрсетіледі.

Мемлекет басшысы аталған бағыттардағы жұмысты жандандыру маңызды екенін атап өтіп, жүктелген міндеттердің жоспарлы орындалуы еліміздің экономикасын нығайтуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға айтарлықтай мүмкіндік беретінін айтты.