22.02.2024, 23:30

Халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесі қайта қаралады

Фото: Pixabay

Қазіргі кезде денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыруға кірісті.

 

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінің қайта қаралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазіргі кезде денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыруға кірісті.

“Онда препараттардың сапасын бақылау шараларына басымдық беріледі”,- деді Әлназарова министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның айтуынша, соңғы жылдары амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шығындары екі есеге артты. Алайда 41 ауру түрлері бойынша пациенттер тек 50%-ға дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Бұл мәселе үлкен алаңдаушылық туғызып отыр.

“Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көлемінің жалпы өсуіне қарамастан, өкінішке орай, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін пациенттерді емделуге жатқызу деңгейі төмендемейді”,- деп атап көрсетті министр.