$ 494.87  520.65  4.91

Полицейлер боранда жоғалған 72 жылқыны тауып берді

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің атына Ақтоғай ауданы Барлыбай ауылындағы «Рамазан» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Рамазановтың алғысы түсті.

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында полиция тұрғынның жоғалған 72 жылқысын тауып берді, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің атына Ақтоғай ауданы Барлыбай ауылындағы «Рамазан» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Рамазановтың алғысы түсті.

«Осы жылдың басында менің шаруашылығымнан 72 бас жылқы жоғалып кетті. Боран мен аязда мен өз күшіммен жылқыларды іздедім, бірақ одан ештеңе шықпады. Сол кезде мен Ақтоғай ауданының полициясына жүгіндім. Бастық Жандос Айтмұхамбетов дереу жауап беріп, жылқыларды іздестіру бойынша іс-шаралар ұйымдастырды.

Жергілікті учаскелік Тұрсынғали Ибраев пен Нұрболат Исаев жоғалған малды іздеуде көмек пен қолдау көрсетті. Олар жақын маңдағы аумақтар мен қозғалыс бағыттарын мұқият зерттеді.

Полицейлердің қажырлы және сауатты әрекеттерінің арқасында менің жылқыларым табылды. Менің атымнан тәртіп сақшыларына, атап айтқанда Ақтоғай ауданының полиция бөлімінің бастығы Жандос Айтмұхамбетовке, учаскелік полиция қызметкерлеріне Тұрсынғали Ибраев пен Нұрболат Исаевқа үлкен алғысымды білдіріп, оларды өз құқықтарымен көтермелеуіңізді сұраймын», – деп жазылған хатта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары