$ 494.87  520.65  4.91

Аязды күні жолда қалған 100-ден астам шетелдік азамат құтқарылды

Барлық жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылып, Қарабалық кентінің жылыту пункттеріне орналастырылды.

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Қостанай облысында полицейлер 100-ден астам шетелдік азаматтың аязда қалуына жол бермеді, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

22 ақпанда Қарабалық кентінің маңындағы республикалық маңызы бар М-36 Екатеринбург – Алматы автожолында техникалық ақаулыққа байланысты екі автобус істен шықты. Автобустардың жанар-жағармайы қатып қалған.

Polisia.kz-тің мәлімдеуінше бірінші Тәжікстан – Екатеринбург бағытындағы автобусының ішінде 55 Тәжікстан азаматы оның ішінде 6 бала болған. Екінші автобуста Шымкент – Челябі бағытында Өзбекстанның 58 азаматы оның ішінде 12 бала болған. Барлық жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылып, Қарабалық кентінің жылыту пункттеріне орналастырылды. Бұл жерде құтқарушылар, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмыс істеді. Бұл күндері аймақта минус 30 градусқа дейін қатты аяз сақталуда. Полиция азаматтарды ауа райының қолайсыздығына байланысты ұзақ сапарлардан бас тартуға және ТЖ хабарламаларына назар аударуға шақырады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары